EA FC 27 ойынында Ultimate Team режимінде қалаған футбол командаңызды құруға немесе Career режимінде сүйікті клубыңызды басқарып, оны жеңіске әкелуге болады. Қай режимді таңдасаңыз да, жылдамдығы жоғары ойыншылар алаңның екі шетінде де үлкен пайда әкеледі. Жылдам орталық қорғаушы шабуылшы қақпаға қарай сытылып шыққан кезде оны қуып жетіп, қауіпті жоя алады. Ал шапшаң вингер қорғаныстан қарсы шабуылға небәрі бірнеше секунд ішінде ауысуға мүмкіндік береді. EA FC 27-де ойыншының жылдамдық көрсеткіші (Pace) оның үдеу жылдамдығы (Acceleration) мен спринт жылдамдығының (Sprint Speed) орташа мәні арқылы есептеледі. Командаңызға лайық ең жылдам футболшыны оңай табуыңыз үшін төмендегі тізімде олардың клубы, ұлты, позициясы, жылдамдыққа қатысты көрсеткіштері және жалпы рейтингі берілген. Бұл – EA FC 27-дегі ең жылдам 10 ойыншының ғана тізімі. Дегенмен жылдамдығы бұларға сәл ғана жетпейтін басқа да көптеген футболшылар бар. Оларды дұрыс пайдалансаңыз, командаңызға дәл сондай пайдалы бола алады.
01
Килиан Мбаппе
- Клубы: Real Madrid
- Ұлты: француз
- Позициясы: ST / LW
- Жылдамдығы (Pace): 96
- Үдеуі (Acceleration): 97
- Спринт жылдамдығы (Sprint Speed): 96
- Жалпы рейтингі (OVR): 91
Килиан Мбаппе – EA FC 27-дегі ең жылдам ойыншы әрі жалпы рейтингі ең жоғары футболшы. Real Madrid шабуылшысының найзағайдай үдеуі жоғары спринт жылдамдығымен ұштасады. Яғни ол жылдамдық алғаннан кейін, көпшілік қарсыласын артта қалдыра алады. Оған қоса, Мбаппенің дриблинг пен соққы көрсеткіштері де өте жоғары. Жылдамдығымен бірге бұл қасиеттер оны ойындағы ең қауіпті әрі әмбебап шабуылшылардың біріне айналдырады.
02
Карим Адейеми
- Клубы: Barcelona
- Ұлты: неміс
- Позициясы: RM
- Жылдамдығы (Pace): 95
- Үдеуі (Acceleration): 96
- Спринт жылдамдығы (Sprint Speed): 95
- Жалпы рейтингі (OVR): 82
Жазда Borussia Dortmund клубынан Barcelona сапына ауысқан Адейемидің жылдамдығы енді Ла Лига қорғаушылары үшін үлкен қауіпке айналды. Небәрі 24 жаста болғандықтан, оның әлеуетін толық ашып, одан әрі дами түсуге әлі де уақыты жеткілікті. Спринт жылдамдығы мен үдеу көрсеткіштері өте жоғары болғанымен, төзімділігі мен физикалық күші оның әлсіз тұстарының бірі. Сондықтан ол бүкіл матч бойы бірдей қарқында жүгіре алмайды, ал қорғаушы оны қуып жетсе, доптан ығыстырып жіберу салыстырмалы түрде оңай болуы мүмкін.
03
Оливер Берк
- Клубы: Union Berlin
- Ұлты: шотландиялық
- Позициясы: ST
- Жылдамдығы (Pace): 95
- Үдеуі (Acceleration): 93
- Спринт жылдамдығы (Sprint Speed): 96
- Жалпы рейтингі (OVR): 73
Ultimate Team режимінде Оливер Берк күміс санаттағы ойыншы болғанымен, оның жылдамдыққа қатысты көрсеткіштері бірден көзге түседі. Алайда жалпы рейтингтері төмен болғандықтан, ол төменгі лига клубын біртіндеп күшейтуге бағытталған Career режимінде анағұрлым қолжетімді нұсқа саналады. Сонымен қатар, оның Quick Step және Rapid қабілеттері бар. Олар спринт кезінде тезірек үдеуге және доппен жүгіргенде жоғары спринт жылдамдығын сақтауға мүмкіндік береді.
04
Габриэл Силва
- Клубы: SC Braga
- Ұлты: бразилиялық
- Позициясы: LW
- Жылдамдығы (Pace): 95
- Үдеуі (Acceleration): 94
- Спринт жылдамдығы (Sprint Speed): 96
- Жалпы рейтингі (OVR): 74
Габриэл Силва шабуыл шебінде әмбебап ойыншы іздейтіндер үшін тамаша нұсқа. Ол сол қанатта, сол және оң жақ жартылай қорғауда, сондай-ақ шабуылшы позициясында ойнай алады. Матчтың соңғы минуттарында алаңға қосылып, командаға қажет жылдамдықты бірден бере алады. Оған қоса, оның Quick Step+ қабілеті жарылғыш спринт кезінде үдеуді айтарлықтай арттырады. Ал Technical қабілеті доппен қозғалғанда бақыланатын спринтті жылдамдатып, кең бұрылыстарды дәлірек орындауға көмектеседі. Осы екі қабілетті дұрыс үйлестірсе, ол қорғаушылар үшін өте қолайсыз қарсыласқа айналады. Дегенмен оның күміс санаттағы ойыншы екенін ескерген жөн.
05
Сирлорд Конте
- Клубы: Heidenheim
- Ұлты: неміс
- Позициясы: ST
- Жылдамдығы (Pace): 95
- Үдеуі (Acceleration): 94
- Спринт жылдамдығы (Sprint Speed): 95
- Жалпы рейтингі (OVR): 69
Тағы бір күміс санаттағы ойыншы – Сирлорд Конте. Ол 2. Bundesliga чемпионатында мықты жылдамдығымен танымал және өзінің негізгі шабуылшы позициясында да, оң қанатта да ойнай алады.Оның әлсіз тұстарының қатарында екі жұлдызды әлсіз аяғы, сондай-ақ физикалық күш пен төзімділік көрсеткіштерінің төмендігі бар. Сонымен қатар, оның шабуылды нәтижелі аяқтау қабілеті басқа шабуылшылармен салыстырғанда аса жоғары емес. Берк сияқты, Конте де Career режиміндегі төменгі лига командалары үшін немесе күміс ойыншылардан құралған Ultimate Team құрамына жылдамдық қосу үшін жақсы нұсқа бола алады.
06
Жан-Маттео Баойя
- Клубы: Leeds / Frankfurt
- Ұлты: француз
- Позициясы: LM
- Жылдамдығы (Pace): 94
- Үдеуі (Acceleration): 91
- Спринт жылдамдығы (Sprint Speed): 97
- Жалпы рейтингі (OVR): 76
Қазіргі уақытта Баойя Leeds клубында жалға ойнап жүр, ал оның келісімшарты Frankfurt клубына тиесілі. Бұл ауысым оның болашақтағы әлеуетін көрсетеді, ал жоғары жылдамдығы оны қарсыластар үшін өте қолайсыз ойыншы етеді. Оның төрт жұлдызды финттері, дриблингі және допты бақылауы қорғаушыларға көп қиындық туғыза алады әрі сол жақ жартылай қорғаушы рөліне жақсы сай келеді. Баойя бұдан да шабуылшыл сол қанатта, сондай-ақ алаң ортасында CM немесе CAM позицияларында ойнай алады. Шабуылға жақын рөлде оның жылдамдығы мен дриблингі айып алаңына еніп кетуге немесе әріптестеріне қауіпті сәттер жасауға мүмкіндік береді.
07
Табита Чавинга
- Клубы: OL Lyonnes
- Ұлты: Малави
- Позициясы: LW
- Жылдамдығы (Pace): 94
- Үдеуі (Acceleration): 94
- Спринт жылдамдығы (Sprint Speed): 94
- Жалпы рейтингі (OVR): 87
Табита Чавинга — EA FC 27-дегі әйел футболшылар арасындағы Pace көрсеткіші ең жоғары ойыншы. Оның 94 жылдамдық көрсеткішіне қоса, ол шабуылды өте нәтижелі аяқтайды, дриблингі жоғары деңгейде және қорғаушылардың қысымына төтеп беруге жеткілікті физикалық күші бар. Оның негізгі позициясы — сол қанат (LW), бірақ ол таза шабуылшы ретінде де, CAM позициясында да ойнай алады. Бұл оған қорғаушыларды өз позициясынан шығарып, кеңістік ашуға немесе екінші шабуылшы рөлін атқаруға мүмкіндік береді. Quick Step+ және Rapid қабілеттері оның жылдамдығын одан әрі күшейтеді: жарылғыш спринт кезінде ол әлдеқайда тез үдейеді, ал доппен жүгіргенде спринт жылдамдығы жоғары болады.
08
Мусса Диаби
- Клубы: Leverkusen
- Ұлты: француз
- Позициясы: RM
- Жылдамдығы (Pace): 94
- Үдеуі (Acceleration): 94
- Спринт жылдамдығы (Sprint Speed): 94
- Жалпы рейтингі (OVR): 82
Мусса Диаби жазда Al-Ittihad клубынан соңғы сәтте жасалған күтпеген трансферден кейін Бундеслигаға қайта оралды. Leverkusen оның жоғары жылдамдығы мен дриблинг шеберлігін жартылай қорғаудың екі қапталында да тиімді пайдалана алады. Ол допты алға жылжытып, шабуылды анағұрлым қауіпті аймақтарға жеткізуге көмектеседі. Егер EA FC 27-де Диабиді командаңызға қосуды жоспарласаңыз, оның Strength көрсеткіші небәрі 46 екенін ескерген жөн. Жылдамдық жарысында ол көп ойыншыдан ұзап кете алады, бірақ қорғаушылар жақын келіп қысым жасағанда, осы тізімдегі басқа ойыншылармен салыстырғанда допты одан тартып алу оңайырақ болуы мүмкін. Соған қарамастан, Ultimate Team құрамында француз ойыншыларымен немесе Бундеслигамен байланыс қажет болса, не болмаса Career режиміндегі командаңыздың бір қапталын алға сүйрейтін жылдам ойыншы іздесеңіз, Диаби — жақсы нұсқа.
09
Энтони Эланга
- Клубы: Newcastle
- Ұлты: швед
- Позициясы: RW
- Жылдамдығы (Pace): 94
- Үдеуі (Acceleration): 93
- Спринт жылдамдығы (Sprint Speed): 94
- Жалпы рейтингі (OVR): 79
Бұған дейін Manchester United және Nottingham Forest сапында ойнаған Энтони Эланга қазіргі клубы Newcastle құрамында Премьер-лиганың қауіпті ойыншыларының бірі ретінде қалыптасып келеді. Найзағайдай жылдамдығымен қатар, оның дриблинг көрсеткіштері де жоғары, ал шабуылды аяқтау қабілеті де жаман емес. Алайда Эланганын басты ерекшелігі — бес жұлдызды әлсіз аяғы. Екі аяғымен де сенімді дриблинг жасап, пас беріп және қақпаға соққы бағыттай алуы қорғаушыларды шешім қабылдауда қиындық әкеліп, артық кеңістік қалдыруға мәжбүр етуі мүмкін. Бұл қасиет қорғаушыны алдап өтіп, әріптесіне қауіпті пас беруді жеңілдетеді. Сондықтан Эланга әсіресе матч соңында шаршаған қорғаушыларға қарсы өте тиімді нұсқа бола алады.
10
Жерсу
- Клубы: Incheon United
- Ұлты: португалиялық
- Позициясы: RM
- Жылдамдығы (Pace): 94
- Үдеуі (Acceleration): 94
- Спринт жылдамдығы (Sprint Speed): 94
- Жалпы рейтингі (OVR): 70
Жерсу — EA FC 27-дегі ең жылдам ойыншылардың ішіндегі жасы ең үлкені және қазіргі уақытта K League 1 чемпионатында өнер көрсетеді. Бұл тізімдегі ең егде ойыншы болғанына қарамастан, оның жылдамдық, үдеу және спринт жылдамдығы көрсеткіштерінің барлығы 94 деңгейінде. Сонымен қатар, оның төрт жұлдызды финттері мен үш жұлдызды әлсіз аяғы қанатта қарсыласын алдап өтіп, допты айып алаңына жеткізуге жеткілікті мүмкіндік береді. Алайда пас беру және қорғаныс көрсеткіштері төмен болғандықтан, Жерсу мүмкіндіктер жасаудан немесе қорғанысқа жиі қайтудан гөрі, шабуылға бағытталған рөлге көбірек сәйкес келеді.