Бразильский футболист Неймар в спортзале
© Red Bull
Football

Неймар Жуниор отбасы туралы: «Мен әрқашан қыздың әкесі болғым келетін»

Неймар Жуниор футболдан тыс өмірі туралы айтып, ерекше отбасылық сәттерімен бөліседі және демалыс күнін шын мәнінде қалай өткізетінін көрсетеді.
Автор Агнес Анебода
Читать 2 минPublished on
«Бүгін менің демалыс күнім, үй шашылып, балалар жан-жақта жүр», — дейді Неймар Жуниор өзінің жаңа YouTube арнасындағы соңғы бөлімінде. Бұл жобада ол көрерменге кәсіби футболшының күнделікті өмірі шын мәнінде қандай болатынын көрсетеді.
Неймар Жуниор еденде отыр, айналасында ойыншықтар және үш кішкентай қыз — Мави, Мел және Хелена. «Қыздың әкесі болу әрқашан менің арманым еді, — дейді ол. — Құдай маған үшеуін нәсіп етті. Мен өте бақыттымын, шынымен. Үш кішкентай ханшайым».
Бұл Неймар Жуниор үшін демалыс күні, бірақ мүлдем футболдан тыс дегенді білдірмейді. Демалыста «Santos» клубының ойыншысы аяқтарына ем қабылдайды, жаттығу залына барады, спорттық бапкерлерімен байланысқа шығады. Егер Неймар Жуниор командасымен жаттықпаса, ол денесіне күтім жасап, дұрыс тамақтанып, қалпына келтіру жаттығуларын орындауы керек.

Дәуірдің үздік футболшыларының бірі болу үшін не қажет

Неймар-младший сидит на диване и смотрит телевизор с друзьями.

Время отдыха с семьей и друзьями очень важно

© Red Bull

Неймар Жуниор үшін «демалыс күні» ешқашан шын мәнінде демалыс емес, ол жұмыстың басқа бір түрі. Ол өмірінің көп бөлігін осылай өткізген.
«Мен кішкентай кезімнен, өте жас кезімнен бері еңбек еттім, – дейді ол. - 13–14 жасымда мен мектеппен бірге сапарларға шықпадым. Түнде киноға бармадым, өйткені бара алмадым — келесі күні жаттығу немесе ойын болатын».
Ол бұл жолдың оңай болмағанын жасырмайды. «Бұрын мен: қап, достарымның бәрі мектепте, ал мен үйде төбеге қарап жатырмын деп ойлайтынмын. Бірақ болған нәрсенің барлығының себебі, мақсаты болды. Мен соны түсіндім», – дейді Неймар Жуниор.
Бұл құрбандықтың өз сыйы болды. Неймар Жуниор сөзін жалғастырады: «Ренжідім бе? Әрине, ренжідім! Бірақ келесі күні мен бақытты болдым, өйткені футбол ойнадым. Мен мұны 20 жылдан астам уақыт бойы жасап келемін — ойыншы болудың бағасы өте жоғары».

Әркімнің сәтсіз күні болуы мүмкін

Неймар да Силва Сантос Жуниор в новом видео.

Неймар-младший открывает двери своего дома в новой серии на YouTube

© Diego Sanches/Red Bull Content Pool

Қарапайым адам болып қалу және футбол әлемінің шыңында болудың арасындағы тепе-теңдік —- осының өзі ең үлкен баға. Ал сырттағы адамдар кәсіби ойыншының да қарапайым адам екенін жиі ұмытады.
«Мен адаммын, менде де барлығында сияқты сезім бар, – дейді Неймар Жуниор. — Мен де қиналамын, ауырсынуды сеземін. Кейде жаман көңіл-күймен оянамын, жылаймын, ашуланамын, қуанып та қаламын — мен де қарапайым адаммын».
Неймар Жуниор өзінің демалыс күніне шақырып, барлығын еш сүзгісіз көрсетеді: бөлімді толығымен арнасында көруге болады.
Футболдағы әр жол алғашқы қадамнан басталады. Айтпақшы, дәл қазір Red Bull Four 2 Score турниріне тіркелу ашық, мүмкін, бұл сенің сәтің: осы сілтеме арқылы тіркелуге болады.

В этой статье

Неймар да Силва Сантос Жуниор

Один из самых талантливых игроков, когда-либо созданных Бразилией, Неймар сейчас вернулся туда, где все начиналось, и играет в своем родном клубе "Сантос".

BrazilBrazil
Профиль атлета