Sadraddin
© Ruslan Tagaev
Music

Sadraddin: Cахнадағы шынайылық пен сенімге негізделген концерт

Қазақстанда алғаш рет көрермен концерттің жүрегіне айналады: Sadraddin сахнада, ал таңдау сенде
Автор Ainur Iskakova
Читать 3 минPublished on
1 мамыр күні Алматы Аренада өтетін Red Bull Jukebox — Қазақстандағы алғашқы интерактивті концерт. Бұл жолы көрермен тек тыңдарман емес, оқиғаның толыққанды кейіпкері болмақ. Қандай ән орындалады, қандай жанрда шырқалады, сахнада Sadraddin қандай образда көрінеді — бәрін көрермен шешеді. Ал бастысы — бұл шоуда бәрі шынайы, бәрі дәл қазір және дәл осы жерде орын алады.
«Егер әнші болмасам, футболшы болар едім», — дейді Sadraddin күлімсіреп. Ол бала кезінен Real Madrid клубының жанкүйері болған. Бірақ музыка бәрінен басым түсіпті. «Мектеп кезінде-ақ түсіндім: мен басқа жолмен жүре алмаймын. Ән айту — бұл менің тілім, менің өмірім», — дейді ол.
Sadraddin алғашқы әнін 15 жасында жазған. «Әлия» деп аталатын бұл туынды көп ұзамай көпшілікке танымал болды. «Кейде ән өз-өзінен туады. Кеудең ашылып, ештеңені тоқтата алмайсың. Ал кейде бір әңгіме, бір көзқарас, бір естелік — бәрі шабытқа айналуы мүмкін», — дейді ол.
Sadraddin

Sadraddin

© Ruslan Tagaev

Музыка ол үшін күнделік секілді. Сыртқа айтылмаған, бірақ жүрекке жазылған сырлар. «Ант деген әнім бар. Ол — басымнан өткен ауыр сәттердің бейнесі. Әр сөзі мен үшін маңызды». Әндер арқылы Sadraddin тыңдарманмен жүректен сөйлескісі келеді.
Бұл көзқарас бізге әлемдік сахнадағы шынайы музыканттарды еске салады. Мысалы, Frank Ocean әр альбомын өз өмірінің жеке тарауы ретінде ұсынады, ал Stromae — күнделікті күресті, жан дүниесіндегі қақтығыстарды әнге айналдырып жеткізеді. Sadraddin де сол жолда: әр әні — дәл сол сәттің, сол эмоцияның даусы.
Сахнада тұру оның екінші табиғатына айналған. Бірақ бұл сенімділік бір күнде келген жоқ. Кішкентайынан байқауларға қатысып, жеңілген де, жеңген де сәттері болған. «Сол тәжірибелер мені сахнада еркін болуға үйретті», — дейді ол.
Ең есте қалған сәт? Әрине, Алматыдағы Орталық Стадион сахнасы. «30 мың адам. Мен қобалжыдым. Бірақ бұл қобалжу менің осы істі шын сүйетінімді тағы бір дәлелдеді», — дейді Sadraddin.
Ол үшін бастысы — шынайы эмоция. «Маған концерт кезінде емес, одан кейін адамдар не сезінетіні маңызды. Қуаныш па, сағыныш па — бәрі шын болсын. Сол жеткілікті».
Осы тұрғыдан Red Bull Jukebox — жаңа деңгей. Бұл концерт сахна мен зал арасындағы шекараны жояды. Бұл жерде сценарий жоқ. Тек сіздің таңдауыңыз және сол таңдау негізінде құрылған кеш.
Travis Scott пен Ariana Grande-нің Fortnite-тағы виртуалды концерттері интерактив форматына жаңа серпін берген еді. Көрермен тек көрмей, қатысып, қозғалып, бірге жасаған болатын. Енді осы рух — Red Bull Jukebox арқылы офлайн сахнаға келіп отыр.
K-pop индустриясы да тыңдарманмен тығыз байланыс орнатудың шебері. BTS, EXO сынды топтар фанаттармен үнемі кері байланыс жасап, әр концертті ортақ эмоция алаңына айналдырады. Қазақстанда мұндайды алғаш болып сынап көру — үлкен жауапкершілік. Sadraddin мен Red Bull бұл жауапкершілікті қабыл алып отыр.
Sadraddin

Sadraddin

© Ruslan Tagaev

«Бұл концерт тек менікі емес. Бұл — сіздердікі де. Қандай ән шырқалатынын сіздер шешесіздер. Бір кешке бір концерт. Оның екінші нұсқасы болмайды», — дейді ол.
Музыкада шабыт пен жауапкершілікті қатар алып жүрген орындаушы үшін бұл кеш — тың тәжірибе. Ал көрермен үшін — қайталанбас әсер, шын эмоция, нағыз музыка.
1 мамыр. Алматы Арена. Red Bull Jukebox. Сен тыңдайсың емес — шешесің. Артист сен үшін сахнада.
Билеттер: kino.kz

В этой статье

Red Bull Jukebox

Red Bull Jukebox 2025 жылдың 1 мамырында Алматыда алғаш рет өтеді, жанкүйерлерге сүйікті қазақстандық әртіс Sadraddin-нің шоуын өздері қалыптастыруға мүмкіндік береді.

KazakhstanАлматы, Kazakhstan
Смотреть мероприятие