Теннис
Теннистегі басты төрт Grand Slam турнирі
Теннис әлемінде төрт ірі турнир жанкүйерлер мен кәсіби спортшылар үшін күнтізбедегі ең маңызды орынға ие. Бұл спорттағы ең әйгілі турнирлер туралы білуге тиіс барлық мәлімет осы мақалада.
Grand Slam деп аталатын теннис турнирлері – бұл спорттағы ең беделді жүлделердің ғана емес, сонымен қатар ойыншыларға түрлі сынақтар, корт жабыны мен ерекше мәдени орта ұсынатын жарыстардың үлгісі. Төрт Grand Slam турнирі — Australian Open, French Open (Roland Garros), Wimbledon және U.S. Open — нағыз аңыздар туатын әрі теннис тарихында ұмытылмас сәттер орын алатын алаңдар. Төменде олар туралы толығырақ біліңіз.
01
2025 жылғы теннистегі Grand Slam күнтізбесі
- Australian Open: Мельбурн Парк, Мельбурн — 12–26 қаңтар
- French Open (Roland Garros): Ролан Гаррос, Париж –- 19 мамыр–8 маусым
- Wimbledon Championships: All England Lawn Tennis and Croquet Club, Лондон — 30 маусым–13 шілде
- U.S. Open: Billie Jean King National Tennis Center, Нью-Йорк –- 18 тамыз–8 қыркүйек
02
Australian Open
Маттео Берреттини сыграл в финале Открытого чемпионата Австралии в 2022
© Alexander Papis/Red Bull Content Pool
- Уақыты: Қаңтар
- Жабыны: Қатты корт (Hard court)
- Өтетін орны: Мельбурн
Australian Open жыл сайынғы теннис маусымын ашып береді және әйгілі ыстық австралиялық жазда өтетіндіктен, ойыншылар үшін ең ауыр Grand Slam турнирлерінің бірі саналады. Алғаш рет 1905 жылы ұйымдастырылған бұл дода 1988 жылдан бері Мельбурн Парктағы заманауи алаңдарда өткізіліп келеді. Жарыс қатты кортта (hard court) ойналады, бұл ойындарды қарқынды әрі жылдам етеді, сондай-ақ мықты подачаларды жиі көруге мүмкіндік береді.
Australian Open «Happy Slam» деген атпен де белгілі, себебі турнирдің жылы атмосферасы мен жанкүйерлердің энергиясын әлемнің үздік ойыншылары ерекше жақсы көреді. Сонымен қатар, түнгі кешкі матчтар, жабық шатырлы корттар және аптап ыстыққа байланысты қолданылатын ерекше ережелер бұл турнирді өзгеше ететін ерекшеліктердің бірі болып табылады.
Australian Open турниріндегі үздік чемпиондар
- Новак Джокович – 10 рет
- Роджер Федерер және Рой Эмерсон – 6 рет
- Андре Агасси, Джек Кроуфорд және Кен Роузуолл – 4 рет
Australian Open туралы білуге тиіс деректер
03
French Open
Глиняные корты Открытого чемпионата Франции подходят настоящим универсалам
© Leo Rosas/Red Bull Content Pool
- Уақыты: мамыр және маусым
- Жабыны: топырақ корт (сlay court)
- Өтетін орны: Париж, Франция
Roland Garros — топырақ кортта өтетін жалғыз Grand Slam турнирі және ол ойыншылар үшін нағыз шайқас алаңы болып саналады. Мұнда физикалық төзімділік, сабырлылық пен стратегия басты рөлге шығады. Алғаш рет 1891 жылы өткен бұл турнир 1928 жылдан бері Париждегі «Ролан Гаррос» стадионында ұйымдастырылып келеді.
Топырақ корттың баяу сипаты ұзақ раллилерге әкеледі, бұл ойыншылардың техникалық шеберлігін ғана емес, сонымен бірге психологиялық төзімділігін де сынайды. Сол себепті French Open көбіне тек подача мен волейге сүйенбейтін, жан-жақты ойыншыларға ыңғайлы. Мұның айқын мысалы – Рафаэль Надаль: оның мұнда 14 рет чемпион атануы осы жабында ойнаудағы ғажайып шеберлігінің дәлелі.
French Open турниріндегі үздік чемпиондар
- Рафаэль Надаль – 14 рет
- Макс Декюжис – 8 рет
- Бьорн Борг – 6 рет
French Open туралы білуге тиіс деректер
04
Wimbledon Championships
Талантливая теннисистка Елена Рыбакина выиграла Уимблдон в 2022 году
© Jake Turney/Red Bull Content Pool
- Уақыты: Маусым және шілде
- Жабыны: Шөп корт (grass court)
- Өтетін орны: Лондон, Англия
Wimbledon – бүкіл теннис әлеміндегі ең көне әрі ең дәстүрлі турнир. 1877 жылдан бері өткізіліп келе жатқан бұл британдық турнир ақ түсті киім үлгісі, трибунадағы құлпынай мен кілегей жеу дәстүрі және Корольдік отбасының қатысуымен дәстүрге толы ерекше атмосферасымен әйгілі.
Жақсы сақталған шөп корттарының жылдамдығы мен доптың төмен серпілуі күшті подача мен волейге негізделген ойынды және қысқа раллилерді алға шығарады. Сол себепті мықты подача жасап, жылдам реакция көрсете алатын ойыншылар мұнда табысқа жетеді. Wimbledon ресми атауы — The Championships. Ол тек теннис турнирі ғана емес, мәдени символ ретінде де қабылданады. Орталық корттағы матчтарды үнсіз тамашалау осы дәстүрдің ажырамас бөлігі саналады.
Wimbledon турниріндегі үздік чемпиондар
- Роджер Федерер – 8 рет
- Новак Джокович, Пит Сампрас және Уильям Реншоу – 7 рет
- Бьорн Борг және Лоренс Догерти – 5 рет
Wimbledon Championships туралы қызықты деректер
05
U.S. Open
- Уақыты: Тамыз және қыркүйек
- Жабыны: Қатты корт (Hard court)
- Өтетін орны: Нью-Йорк қаласы, АҚШ
U.S. Open – теннис маусымындағы соңғы Grand Slam турнирі. Ол өзге үш турнирден бірден ерекшеленеді — басты айырмашылығы ерекше энергиясында. Алғаш рет 1881 жылы өткен бұл турнир қазір Нью-Йорктегі Флашинг-Медоуз ауданында орналасқан Billie Jean King National Tennis Centre-де ұйымдастырылады. Ірі қаланың қарбалас атмосферасы, шулы жанкүйерлер мен түнгі матчтар осы турнирдің ерекшеліктері болып саналады.
U.S. Open турниріндегі шешуші сеттегі тай-брейк жүйесі ойын қарқынын бәсеңдетпей, матчтардың ұзаққа созылуына жол бермейді. Сондай-ақ бұл дода төрешілердің шешімдерін қосымша тексеру үшін Hawk-Eye технологиясын қолданған алғашқы Grand Slam ретінде жаңашылдығымен ерекшеленді. Маусымдағы кәсіби теннисшілер үшін соңғы үлкен сынақ саналатын U.S. Open көбіне күтпеген чемпиондық жеңістер сахнасына айналады.
U.S. Open турниріндегі үздік чемпиондар
- Билл Тилден, Ричард Сиарс және Уильям Ларнед – 7 рет
- Джимми Коннорс, Пит Сампрас және Роджер Федерер – 5 рет
- Джон МакЭнроу, Новак Джокович, Рафаэль Надаль және Роберт Уоррен – 4 рет
U.S. Open туралы қызықты деректер
В этой статье